Новая версия сайта на стадии тестирования. Если у Вас есть замечание мы будем рады их исправить Отправить сообщение
Главная

спирт завод

1. ЭТИЛ СПИРТІ ӨНДІРІСІ

Этил спирті – өзіне тән иісі бар, гипертоксинді (өсімді к және жануарлар тіндері ауасынан ауаны қарқынды сіңіреді) өткір дәмді түссіз жанғыш сұйықтық болып табылады. Спирт кез келген үлесте сумен,ғ эфирмен, глицеринмен, жанармаймен және басқа органикалық еріткіштермен араласады. Этил спирті мен оның концентратталған ерітінділері жақсы тұтанады және ысталмай ашық көгілдір түсті алау шығарып жанады.

«Талғар спирт» ЖШС спирт өндірісіне табиғи шикізат – астық дақылдарын (бидай, қарабидай, жүгері) және уыт (арпа және тары) пайдаланады. Олардың көмегімен ректификацияланған тағамдық этил спиртінің «Жоғары тазаланған», «Экстра», «Люкс» түрлері алынады. Дәм сапасы бойынша біздің спирт Қазақстандағы да, шетелдегі де баламаларынан да басым. Бұл үшін ол Санкт-Петербургте, Мәскеу, Сочи, Астана қалаларында өткен Халықаралық көрмелерде бірнеше мәрте алтын медальдермен марапатталған. Бүгінгі күні біздің спирттің негізгі тұтынушылары – элитті арақтар мен күшті алкогольдік сусындар шығаратын медициналық және фармацевттік мекемелер, ликер-арақ зауыттары.

2. АРАЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІ

Эфирлер (эфироальдегидті фракция ) – басты қоспалардың спирттік ерітіндісі болып табылады. Бұл күштілігі кемінде 92% көл. түссіз, мөлдір немесе сарғыш (жасыл) реңді сұйықтық негізінен этил спиртінен (35% артық) тұрады. Құрамында сондай-ақ эфирлер, метил спирті және аз мөлшерде органикалық қышқылдар бар. Эфиральдегидті фракция техникалық спирттің алынуымен айдалып, кейіннен химия өнеркәсібінде пайдаланылады. Мұнымен қоса, эфирлер лак-бояу өндірісі мен фармакологияда пайдаланылады.

Сивуш майы – этил спиртінің жоғары спирттері мен судан тұратын спирт ашығанда түзілетін жанама өнім. Сивуш майының құрамына көп атымды спирттер ең алдымен, амил, изоамил , бутил, пропил,изопропил спирттері, сонымен қатар күрделі эфирлер кіреді. Сивуш майы шикізат-спирттен бірнеше мәрте айдау-ректификациялау жолымен бөлініп алынады. Сивуш майы бірқатар өнеркәсіп саласы үшін құнды шикізат болып табылады. Ол парфюмерияжа және былғары өндірісінде пайдаланылады.

Көмірқышқыл газ (көміртегінің қос тотығы)- екі сатылы тазалаудан өтетін, спирт ашығанда пайда болатын газдардан түзіледі.Көмірқышқыл газының негізгі тұтынушылары – газдалған сусындар шығаратын кәсіпорындар, медициналық мекемелер, сондай-ақ қызметі электр дәнекерлеумен, металды механикалық өңдеумен, болат және шойын қоюмен және т.б. байланысты кәсіпорындар.

Барда ашытқыны айдау нәтижесінде спирт өндіру процессінің соңғы сатысында түзіліп, құрамында бастапқы дәнді дақылдар шикізатына тән қоректендік заттардың бәрі болады. Дәнді дақылдың жағымды иісі бар ашық қоңыр түсті сұйықтық (суспензия). Құрғақ заттардың мөлшері – 6%. Мал шаруашылығында малды бордақылау үшін қоректік қоспа ретінде пайдаланылады. Басты»Өндіріс құрылымы