Новая версия сайта на стадии тестирования. Если у Вас есть замечание мы будем рады их исправить Отправить сообщение
Главная » КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

• «Талғар -Спирт» ЖШС — 1886 жылы Никита Яковлевич Пугасов есімді саудагер негізін қалаған елдегі көне кәсіпорындардың бірі. Алғашында спирттің бір тәуліктік өнімділігі 40 декалитрді құрайтын. 1918 жылы зауыт ұлттандырылып, 1936 жылы модернизацияланып, өндіріс қуаттылығын біраз арттырды. 1951-1952 жылдары зауыт қайта құрылып, қазандық пен көмір қышқыл цехі салынды. 1962-1964 жылдары екінші мәрте қайта құру жүргізіліп, технологиялық процесс тоқтаусыз өндіріс режиміне ауыстырылды. 1983 жылы жаңа уыт цехі жұмысқа қосылды. 1995 жылы зауыт акционерленді. 1997-1998 жылдары спирт тазалауға арналған ректификациялау ұстыны, эфироальдегидті фракция бөлуге, пісіру агрегатына арналған эпюрационды ұстын ауыстырылды. 2004 жылы спирттің сапасын біршама жақсартуға мүмкіндік берген спиртті соңғы тазалау ұстыны орнатылды.

• Талғар спирт зауыты Талғар қаласының аумағында Бесағаш тау өзенінде орналасқан. Зауыт этил спиртін крахмалды шикізатты гидролиздеу арқылы дәнді дақылдардан алудың дәстүрлі технологиясы бойынша 128 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Спирт өндірісі үшін бағалы дәнді дақылдарға қарабидай, бидай, жүгері жатады. Мұндай технология бойынша алынатын өнім таза. Өйткені крахмалды гидролиздеу үшін дәнді дақылдардың – тары мен арпа уытынан алынатын ферменттер пайдаланылады.

• Зауыттың бір тәуліктік өнімділігі 2 678 далл құрайды. Спирттен басқа, аралық өнімдер эфироальдегидті фракция мен сивуш майы, сонымен қатар барда және көмірқышқыл газы шығарылады.