Новая версия сайта на стадии тестирования. Если у Вас есть замечание мы будем рады их исправить Отправить сообщение
Главная » ҚОСЫМША ӨНДІРІС

ҚОСЫМША ӨНДІРІС

 

структура

• НЕГІЗГІ ӨНДІРІС:

– Уыт бөлімшесі;

– Пісіру бөлімшесі;

– Ашытқы бөлімшесі;

– Божу бөлімшесі;

– Қуаты тәулігіне 3000 мың. далл брагоректификационды қондырғы;

– Құйылу бөлімшесі Өндірістегі шығарылатын өнімнің сапасын бақылайтын бақылау органы болып, үш бөлімшеден: шикізаттық, сараптау және өндірістік тұратын Зертхана табылады.

Шикізаттық зертхана жеткізушілерден келетін және өндіріске берілетін дақылға кіріс бақылау жүргізеді.

Сараптау зертханасы шығарылатын спиртке, аралық өнімдерге және қосалқы материалдарға толық талдау жүргізеді.

Өндірістік зертхана тәулік бойы барлық өндіріс сатыларында жартылай өнімдерді бақылайды.Зертхана аттестатталған. Зертхананың жұмысына сыртқы бақылауды Ұлтты Сараптау және Сапа Орталығы жүргізеді. Зауытта спирттің сапасын жүйелі бақылап отыратын дегустациялық комиссия жұмыс істейді. Шығарылатын өнім жыл сайын декларацияланып отырады.

• ҚОСЫМША ӨНДІРІС :

Шикізат цехіне сыйымдылығы 7,5 мың тонна шикізат (дәнді дақыл) сақтауға арналған қойма орын-жайлары кіреді;

Қазандық зауытты жылумен қамтамасыз ете отырып, мазутпен жұмыс істейді;

Механикалық цех технологиялық жабдыққа барлық жөндеу жұмыстарын (ағымдағы және күрделі) жүргізеді;

Электр цехі технологиялық жабдықтың, электр қозғалтқыштардың, БӨАжА тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Автокөлік 15 көлік құралынан тұрады. Жүк көлігімен дәнді дақыл шикізаты, қазандық зауытына арналған отын тасылып, спирт тиеледі;

Көмір қышқылды цех ашу кезінде түзілетін көмірқышқыл газын ұстап қалып, екі сатылы тазалайды. Бірінші сатыда ұстындардағы белсендірілген көмірмен адсорбциялы тазаланып, екінші сатыда силикагельмен адсорберде тазаланып, кептіріледі. Дайын болған сұйылтылған көмір қышқылы баллондарға немесе ұзақ сақтауға арналған ыдыстарға толтырылады;

Құрылыс цехі ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыс нысандарының құрылысын қамтамасыз етеді;

Жанармай құю бекеті зауыттағы автокөліктерге жанар-жағармай құйып, жанар-жағармайды сыртқа сатады;

– Асхана;

– Медициналық пункт.