Новая версия сайта на стадии тестирования. Если у Вас есть замечание мы будем рады их исправить Отправить сообщение
Главная » Технология

Технология

Уыт бөлімшесі : өнуі кемінде 92% құрайтын дәнді дақыл (тары мен арпа) пайдаланылатын «Передвижная грядка» типті пневматикалық уытхана. Өскінді дәнде былбырата піскен шикізаттың крахмалын гидролиздеуге қажетті ферментер жиналады.        

Пісіру бөлімшесі : ұсақталған крахмалды шикізатты (дән, қарабидай, жүгері) 4-5 кг/см2 қысыммен тоқтамай жұмыс істеп тұратын ВАР-3000 пісіру агрегатында 40-50 минут аралығында былбырата пісіру. Уатылған дән араластырғышта жылы сумен араластырылады (бөрту процессі) да, сорғымен екіншілікті будың түйіспелі бастиегіне әперіледі. Бұл жерде ол 55-60 град С дейін қыздырылып, кейіннен сорғы арқылы өткір будың түйіспелі бастиегіне әперіледі де, түтікті пісіргіш арқылы баптағыштарға келіп түседі.      

Ашытқы бөлімшесі : өндірістік ашытқы өсіріледі, қоректік орта дайындалады, көбейткіш дақыл беріледі. Процесс ашытқы толықтай пісіп жетілгенше жалғасады. Дайын болған ашытқы божу бөлімшесіне әперіледі.    

Божу бөлімшесі : тәтті ашытпа 72 сағат аралығында +26 : +30град С температурада ашытқымен божылады. Ашытқы жасушалары қантты сіңіріп, этил спирті мен көмірқышқыл газ бөледі. Жетілген ашымақта 7,5 -8,5 % көлемдік спирт жиналады. Дайын ашымақ БРУ айдалуға әперіледі.      

Брагоректификациялық қондырғы: төрт ұстыннан тұрады – ашымақ, эпюрационды, ректификационды және соңғы тазалау. Бұл «Люкс» және «Экстра» маркалы жоғары сапалы спирт ректификат алуға мүмкіндік беретін, автоматикасы бар ең заманауи қондырғы болып табылады. Спирт ректификациясы компоненттерді аралық өнімдердің: эфирлер мен сивуш майының бөлек ажыратылуымен қайнау температурасы бойынша бөлуге негізделген.

Құю бөлімшесі : алынған спирт ректификат аппарат бөлімшесінен бақылау снарядтары арқылы құю бөлімшесіндегі қабылдау ыдыстарына келіп түсіп, өлшеуіштер арқылы тәулік сайын спирт сақталатын орынға жіберіледі.